«Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» семинары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің  (бұдан әрі - Департамент) 2017жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына 2017 жылғы 30 мамырда сағат 17.00-де Департаментте семинар өтті. Семинарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикалық басқармасының бас маманы Д.И. Раимбаев өткізді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың негізгі қағидаттары, себептері мен салдарлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін жауакершілігі туралы түсіндірілді.