Мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпарат

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), Сіздерді Департаментпен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер түрлері туралы ақпараттандырады.

Департаментпен «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес 11 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

1. "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау";

2. "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау";

3. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау";

4. "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау";

5. "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау";

6. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау";

7. "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау";

8. "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау";

9. "Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау";

10. "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау";

11. «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының,міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (мемлекеттік кепілдік)» – осы мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтердің тізіміне енгізілген, бірақ мемлекеттік қызметтердің стандарттарына және регламенттеріне әлі енгілімеген.

 

Мемлекеттің Елбасы 5 институционалдық реформалары бойынша 100

нақты қадамды орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылып, оның бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осыған байланысты, зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттар ХҚКО-лардарда қабылданады.

Қабылданған шешімін туралы қызмет алушыға хабарлау үшін, қызмет алушынының ұялы телефонына sms-хабарландыру қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет алудың нәтижесін ХҚКО немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

 

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерді және мемлекеттік

арнайы жәрдемақыларды тағайындау үшін Стандарттың 1 Қосымшасына сәйкес өтінішпен және келесі құжаттарды ұсынуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ бөлімшелеріне тіркеу бойынша төменде көрсетілген мекенжайлары бойынша жүгінуге қажет:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы

азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі);

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, егер еңбек қызметі туралы жазулар еңбек кітапшасына енгізілмесе немесе түзетулер болса, онда мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар); білім туралы құжат (диплом, аттестат); әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің анықтамасы; балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар).

5) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін – Мемлекеттік қызмет стандарттың № 2-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін еңбектің түрін немесе еңбек жағдайларын растайтын ұйымның анықтамасы.

Ұйымның таратылған жағдайында жұмыс орнын, лауазымын, кәсібін, жұмыс кезіңдерін, мұрағаттық істің нөмірін, олардың парақтарын   көрсетуімен мұрағат директоры мен мұрағатшының қолдарымен және мөрмен расталған мұрағаттық анықтама ұсынылады.

Мұрағаттық құжаттар болмаған кезде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізіміне және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізіміне еңбек түрінің немесе еңбек жағдайларының сәйкестігі сот органдары арқылы анықталады.

6) Стандарттың № 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге байланыстан тыс 1995 жылдан бастап кез келген 3 жылғы  табыс сомалары туралы анықтама немесе жеке кәсіпкерлердің, адвокаттардың, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылардың және кәсіби медиаторлардың мемлекеттік кірістер органы берген табыс туралы құжат. Ұйым   таратылған жағдайда табыс туралы мәліметтер көрсетілген мұрағат анықтамасы ұсынылады.

Сондай-ақ, болуына байланысты келесі құжаттар ұсынылады: 

-бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

-бұрынғы совет мекемелері, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерiнің жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

-әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат;

-неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (әкесінің/қамқоршысының тегін өзгерткен кезде).

Жасына байланысты зейнетақы 10 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік арнайы жәрдемақы 8 жұмыс күні ішінде тағайындалады.

 

2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін

Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына келесі құжаттарды ұсынуымен жүгіну қажет:

1)жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі);

2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

Осы қызметті көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.

 

3. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуі, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауы Департамент бөлімдерімен медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі -МӘС) жүргізу жолдарымен өткізіледі.

Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін  МӘС-ке жібереді.

Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныл отырып жүргізіледі:

1) пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (бұдан әрі – 088/у нысан);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауылдық әкiмнiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері.

Бұдан басқа, мынадай құжаттар ұсыналады:

1) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;

2) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабы 1-тармағының 103) тармақшасына сәйкес тұрғылықты (тіркелген) жерінен  тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда;

3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адам ұсынады;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

5) екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы құжат;

6) ДКК қорытындысы әзірленген күннен бір айдан кешіктірмей ұсынылған  консультацияға бағыттаған жағдайда, үйде куәландырудың (қайта куәландырудың) қажеттігі, ОЖБ қалыптастыру немесе түзетуге стационарда немесе сырттай бағыттау жағдайында;

7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;

8) жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы жазатайым оқиға бойынша алғашқы рет КЕА дәрежесін белгілеу кезінде ұсынылады;

9) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы (еркін нысанда) – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

10) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін анықтау үшін бір рет беріледі;

11) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік аурумен ауырған адам ұсынады;

12) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсыналады.

МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы:

1) жүгінген күні;

2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. 

Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, денсаулық жағдайы туралы ДКК қорытындысының және жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер алу үшін, Сізге Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 16 мекенжайы бойынша Департаменттің МӘС бөлімдерінің №105, 106, 107, 108, 204-кабинеттеріне жүгінуге болады. Байланыс телефондары: 219366, 219389.

 

4. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін құжаттар веб-портал және қызмет алушы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ бөлімшелеріне ұсынылады.

Осы мемлекеттік қызметтер 8 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау үшін, көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтінішті, көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтықты алғанға дейін оралман куәлігі);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама.

Қажет болған жағдайда (болуына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі Ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

4) он алты жасқа дейiнгi баланың туу туралы куәлігі;

5) неке туралы куәлік (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде) ұсыну қажет.

Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтықты алғанға дейін оралман куәлігі);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) асыраушының қайтыс болу туралы куәлігі не адамның хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп танылғандығы туралы соттың шешімі;

5) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжат (туу, неке, ажырасу, әкелікті (аналықты) мойындау туралы куәлік және тағы басқалар) ұсыну қажет.

Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:

1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;

2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);

3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтамасы;

5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.

Қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда, дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы міліметтер ұсынады.

5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына;

2) I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушіге (Департамент);

      3) жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталға жүгінуге қажет.

Жүгіну кезде Стандартқа сәйкес өтініш және мынадай құжаттар ұсынылады:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» Мемлекеттік

қызмет стандарты 3-қосымшасына сәйкес жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.

Қазіргі уақытта 17 түрді арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады және құқықты айқындау кездегі құжаттар жоғарыда көрсетілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» Мемлекеттік қызмет стандартының 3-қосымшасына  сәйкес ұсынылады.

Осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.

 

6. Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау үшін:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына;

2) бала туу және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін www.egov.kz."электрондық үкімет" веб-порталға жүгінуге қажет.

Мемлекеттік қызмет 7 жұмыс күнінде көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініш беруші немесе нотариат куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі:

1)Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, сондай-ақ азаматтықты алғанға дейін оралман куәлігі);

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазудын үзіндісі көшірмесін;

3) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін немесе бала асырап алғанын растайтын құжатты;

4) қызмет алушының және мүгедек баланың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарды;

5) баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтері өтініш берушінің мәліметтерімен сәйкестенбеген жағдайда - неке қию (ажырасу) туралы куәлігі;

6) баланың мүгедектігі туралы анықтамасы;

7) банк шоты туралы мәліметтерді растайтын құжатты ұсынады.

порталға:

жәрдемақыны тағайындау үшін - электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алушының электрондық қолтанбасымен куәландырылған бала туғандағы біржолғы жәрдемақы тағайындауға және (немесе) оның күтіміне байланысты өтініш электрондық құжат түрде ұсынылады. Қызмет алушы электрондық өтініштегі көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің (куәліктерінің) немесе туу туралы актілік жазбадан үзіндінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда), неке қию (ажырасу) туралы куәліктің (неке 2008 жылғы 1 маусымға дейін қиылған жағдайда), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы қажетті құжаттарды тапсыру кезінде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

 

7. Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындауға өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі -өтініштің тіркелу сәтінен 3 жұмыс күні.

Осы қызметті алу үшін өтініш және келесі құжаттар ұсынылады:

1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлігі) немесе дара кәсіпкердің патенті;

2) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат;

3) екінші деңгейдегі банктерде, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банкт шоты туралы құжат.

 

8. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындау.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады - құжаттарды тіркеу сәтінен - 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі тағайындауға жүгінген кезде  нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) ай сайынғы төлемдер беру жөніндегі ұйымда ашылған банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер; 

4)  капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):

таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде – бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).

Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.

5) Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде –кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедектерге зиянды өтеу кезінде - мүгедектік анықтамасының көшірмесі сұратылады.

Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік туралы  анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісінде не архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

Зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау үшін құжаттарды қабылдайтын Халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайлары:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл ауданының № 1бөлімі – Достық көшесі, 20;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл ауданының № 2 бөлімі – Сауран көшесі, 7;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл ауданының № 3 бөлімі – Достық көшесі, 13;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Алматы ауданының № 4 бөлімі – Күйші Дина көшесі, 29/1;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Алматы ауданының № 5 бөлімі – Сәтбаев көшесі, 25;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Алматы ауданының № 6 бөлімі – Достық, 13;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сарыарқа ауданының № 7 бөлімі – 409-көше, 13;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сарыарқа ауданының № 8 бөлімі – Республика даңғылы, 43;

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Сарыарқа ауданының № 9 бөлімі – Сейфуллин көшесі, 22.