Менің құқықтарым сақталып жатыр ма? Деңсаулығыма зиян тигізгені үшін кім жауапты?

Салеметсіз бе! Жұмысберуши тұлғамен 2 жақты еңбек шарты бойынша жұмыс уақыты сағ 9-00 ден 18-00 дейін және тамақтану мен тынығуға арналған уақыт 13-00 ден 14-00 дейін. 20 -06-2018 ж мен жұмыс уақытында ауырып қалдым температуралық қызуым қатты көтерілгесін пороцетомол дарисин 1 данасын ишіп алдым саг 12 аса. Бирақ сағ.18-00 дейін жұмыс уақытын толығымен аяқтауды шештім. Дәрі әсер етпеді. Қызуымен 18-00 дейін отырдым. Кейін өзімнің басшыма ескерттім  , бірақ менің жұмысыма қатысты басқа департаменттің басшысына 18-00 кейін 2 рет ауырып отырғанымды ескерттім жәнеде жұмыстын тезірек шешілуін сұрадым. Бірақ департаменттің басшысы мені жұмыстан босата алмайтынын және де “-жұмыстан  қашан кететінің өзім шешем”- деп дөрекі сөйледі. Жұмыс орныма қайтадан оралып сол қолым мен аяғым тартылып үйе бастады. Сонымен саг 19-00 жұмысты аяқтадым. Үйге барған сон 103 хабарласып дәригерлерді шақырттым тем 39,2  ол кісілер температурамды түсіріп, іш құрлысымды тазартты және де аяқ қолымнын тартылғаны нерв жүйеме қатты әсер еткенен деді. Тұрғылықты емханаға көрінуге кенес берді. 21-06-2018 ж  больничный ашты. Сұрағым қай жерде менің құқықтарым бұзылды? Сағ 18-00 кейін мені жұмыста ұстауға құқылы ма?  Жұмысыма қатысты басқа департаменттің басшысы  деңсаулығыма қауыпты жағдай туғызғаны үшін заң жүзінде жауапқа тартуға болады ма? Қайда барып шағым түсірсем болады?

Ответ: 

Салеметсізбе,  Еңбек, әлеуметтік  қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша  департаментінен  мемлелекеттік  еңбек  инспекциясының  функциялары  2013 жылғы 1-ші шілдеден бастап жергілікті   атқарушы  орагандарының  қарауына  берілген. Сізге  еңбек  қатынастарына   және   еңбек  заңнамасына  қатысты  сұрақатарымен  Достық көшесі, 13, «Нұрсая-2» ТК  (кіруі Нұржол көшесінен)  мекенжайы  бойынша орналасқан «Астана қаласының Қалалық  орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік  мекемеге жүгінуге қажет. Қабылдау бөлмесінің телефондары:  51-74-58, 51-04-84, astana_git@mail.ru электрондық поштасы.