Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу.

Төтенше жағдай кезеңінде мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы  «Электрондық өтініш» сервисі арқылы, сондай-ақ, интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді.

Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайынаәлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

Қазақ