Төтенше жағдай кезінде төленетін әлеуметтік төлем кімге төленеді жән оны қалай алуға болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған тұлғаларға ең төмен жалақы мөлшерінде жаңа әлеуметтік төлем еңгізілді. Бұл жәрдемақыны ресми түрде жұмыс істегендер ғана емес, өзөзіне жұмыс жасайтын топтар да ала алады.

«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау  болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агеннтері  олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдері жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2020 жылғы 26 наурыздағы  №110 Бұйрығына сәйкес аталған жәрдемақы келесі санаттарға төленеді:

1. Орта және кіші кәсіпкерліктің субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жұмысшыларына;
2. карантин еңгізілген елді мекендерде орналасқан ірі кәсіпкерліктің субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жұмысшыларына;
3. жалдамалы күш қолданбайтын жеке кәсіпкерлерге;
4. жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға;
5. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейтін жекетұлғаларға;
6. нысанасы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері  олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға;
7. мемлекеттіктен басқа, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан жұмысшыларға.

Сонымен қатар әлеуметтік төлем келесі санаттарға тағайындалмайды: 

1. БЖТ төлеушілерінен басқа, төтенше жағдайдың алдында 12 айдың ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бір де бір ай қатысу өтілі болмаған тұлғаларға;
2. төлемге арыз берген күнге дейін 12 айдың ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бір де бір ай қатысу өтілі болмаған БЖТ төлеушілерге;
3. нысанасы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға, егер олардыңӘлеуметтік сақтандыру қорына немесе Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына бір де бір ай төлем жасалмаса. 

 

Жәрдемақыны алу үшін арыз келесі тәсілдердің біреуімен беріледі:

1) egov.kz – «Электронды үкімет» веб- порталы арқылы;

2) 42500.еnbek.kz  арнайы сайт  арқылы;

3) «ЕgovKzBot2.0», https://t.me/Help42500Bot - telegram –бот арқылы;

4) проактивті қызмет арқылы.

Веб-портал арқылы немесе сайт арқылы құжат тапсырғанда ЭЦҚ қажет емес екенін қосымша хабарлаймыз, арыз СМС арқылы келетін бирреттік құпиясөзбен расталады. 

Егер сіз төлемге арызды тапсырсаңыз, оның қандай кезеңде тұрғанын 42500.еnbek.kz  сайтында тексере аласыз. 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1414 тегін кол-орталығы арқылы біле аласыз.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 996A28C1-3A31-4034-B63F-01AF5D3B915D.jpeg134.24 KB