Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлықты алдын алу

    Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның ішіндегі зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша 12 қызмет электрондық форматқа ауыстырылған және Департаменттің маманынан бастап басшыға дейін тексерістің 3 деңгейінен өтіп, «Е-Макет» ААЖ бағдарламасы арқылы электрондық қол қоюыменкөрсетіледі. Зейнетақы және жәрдемақы бөлімдерінің мамандары мемлекеттік алушылармен байланыспайды, ал азаматтарға жеке жүгіну жағдайда кеңес беріледі.                           «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетін айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсетуі медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі - МӘС) 5 бөлімімен жүзеге асырылады, соның ішінде 1 мамандырылған, 1 педиатрлық. МӘС бөлімнің бастығы және екіден кем емес бас мамандарының қатысуымен ұсынылған құжаттарға сәйкес және куәландырылатын тұлғаны қарау жолымен алқалыжүргізіледі.              Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін жақсарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында, әлеуметтік-еңбек саланы және медициналық-әлеуметтік сараптаманың қызметін сандық жүйеге көшіру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен автоматтандырылған тәртібінде «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетін айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша пилоттық жобасын жүргізуге жоспарлаған.

     Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініңжәне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы қызмет алушының қатысуысыз медициналық электрондық форматтағы түскен құжаттардың негізінде сырттай куәландыру қарастырылады.

    Сондай-ақ, Департаментпен 2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспары және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің ішкі талдауы жүргізу жоспары бекітілген.

    Департаменттің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықты алдын алу шеңберіндемемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін түсіндіруімен Астана қаласының тұрғындарымен жүйелі түрде кездесулер өткізіледі, газеттерде мақалалар басылады, радио және теледидар каналдарында сұхбат беріледі.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент өкілдерінің қатысуыменсыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.

    Департаменттің басшылығымен аптасына екі рет азаматтардың жеке қабылдауы ұйымдастырылған. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде жеке және заңды тұлғалардың күнделікті қабылдауы жүргізіледі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріндегі сұрақтарын шешуге бақылау ұйымдастырылған. Департаменттің холында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің бұзушылықтарына, олардың заңсыз, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінеазаматтардың хаттарына және шағымдарына арналған жәшік пен журнал іліну тұр. Олардың мазмұны күнсайын бақылауда.           Медициналық-әлеуметтік сараптаманың барлық бөлімдерінде, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде және холдарда бейне бақылау орнатылған.

    Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетін айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді және қанағаттанушылықтыанықтау үшін, қызметтер алушылардың арасында терме сауалдау жүргізіледі.

    Департаментте әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкерлерге кеңестік көмек көрсететін, қызметтік әдеп нормаларын сақталуына талдауды және бақылауды жүзеге асыратын әдеп жөніндегі өкіл институты жұмыс істейді.

   Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерімен Әдеп Кодексі нормаларының бұзушылықтары, әр түрде танытылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Департаменттің20-14-62 «сенім телефонына»хабарласуға болады. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті башысының міндетін атқарушы К. А.Токтыбаев