1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейтін болады

1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейтін болады

Департамент 2019 жылдың 23 қыркүйегінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) мақұлданғанын хабарлайды.

 Осылайша, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады. Сәйкесінше аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін болдырмау қажет.

1 қарашадан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының» (ХҚКО) бөлімшелеріне жүгенген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілмей көрсетіледі. Тұрғылықты мекенжай туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілетін болады.

Қазақ