2017 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2017 жылғы жеке және заңды тұлғалардан 334 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 323, заңды тұлғадан - 12), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 87 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 46 өтініш және жәрдемақылар бойынша 15 өтініш, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 20, жақын және алыс шетелден еңбек өтілімін растау туралы анықтамалар сұрату – 6 сауалхат), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 184 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын жоғалтуымен байланысты 96 сауалхат, мүгедектік тобына қатысты - 15, пандус бойынша - 28, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және оның көшірмесін алу мәселесіне қатысты - 20, жеке көмекші туралы – 1, медициналық актілердің көшірмелерін сұрау - 4) және басқа мәселелер туралы - 30 (мүгедектік бойынша, көпбалалы аналарға және отбасыларға, экологиялық аймақтарда тұрғандарға әлеуметтік жәрдемақыларға, еңбек өтілін анықтауға қатысты және басқалар).  ҚР ЕХӘҚМ түскен 1 домалақ өтініш бойынша түсініктеме берілді. 4 өтініш қайталап түсті.

   Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 17 өтініш тиесілігі бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясы) жолданды.

   Заңды  тұлғалардан 12 өтініш түсті.  5 өтініш басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды, ал 7 өтінішке жазбаша түрде түсініктемелер берілді. түсініктемелер берілді.

  Департаментке 334 жазбаша өтініштердің мен сауалхаттардың 72-і басқа органдармен жолданды, соның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен – 14, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінен – 2, Астана қаласының прокуратура органдарынан – 23, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан – 12, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалынан – 3, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы «Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдер есептеу орталығы» департаментінен – 4, 5 өтініш аумақтық Департаменттерден, 1 өтініш Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен, Астана қаласы Есіл ауданының әкімшілігінен – 1, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінен – 1, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Астана қаласы филиалынан – 1, Әділет департаментінен – 1 және басқа органдарынан 2 өтініш келіп түсті.     

   Аталған кезеңде 334 өтініштерінің ішінен жеке тұлғалардың 279 өтінішіне және заңды тұлғалардың 7 өтінішіне жазбаша жауаптар берілді. Мүгедектік туралы анықтамаларын және ОЖБ көшірмелерін сұрауға қатысты 116 сауалхаттар бойынша мүгедектікті дәлелдейтін анықтамалар мен ОЖБ көшірмелері берілді. 2 өтініштің қаралуы арызданушының қолдаухаты бойынша тоқтатылды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 46 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

   Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 116 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.