2018 жылғы І-тоқсанның жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2018 жылғы І-тоқсанның жеке және заңды тұлғалардан 87 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 82, заңды тұлғадан - 5), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 28 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 7 өтініш және жәрдемақылар бойынша 3 өтініш, жеңілдіктер туралы - 1, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 12, асыраушысынан айрылу жағдайда алынатын жәрдемақы туралы – 1, жақын және алыс шетелден еңбек өтілімін растау туралы анықтамалар сұрату – 4 сауалхат), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 44 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын жоғалтуымен байланысты 29 сауалхат, мүгедектік тобына қатысты - 11, пандус бойынша - 1, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және оның көшірмесін алу мәселесіне қатысты - 1, еңбекке жалпы қабілетінен айрылу анықтамасының дубликатын сұрау туралы – 1, жазатайым оқиға актісінің көшірмесін сұрау  туралы – 1) және басқа мәселелер туралы -10.  3 өтініш қайталап түсті.

Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 5 өтініш тиесілігі бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясы) жолданды.

Заңды  тұлғалардан 5 өтініш түсті, соның ішінде 4 өтінішке жазбаша түрде түсініктемелер берілді.

Департаментке 87 жазбаша өтініштердің және сауалхаттардың 14-і басқа органдармен жолданды, соның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен – 2, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінен – 5, Астана қаласы әкімінің аппаратынан – 4, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалынан – 1, 1 өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен және 1 өтініш Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен келіп түсті.  

Аталған кезеңде 87 өтініштерінің ішінен жеке тұлғалардың 50 өтінішіне және заңды тұлғалардың 4 өтінішіне жазбаша жауаптар берілді. Мүгедектік туралы анықтамаларын және ОЖБ көшірмелерін сұрауға қатысты 31 сауалхаттар бойынша мүгедектікті дәлелдейтін анықтамалар мен ОЖБ көшірмелері берілді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 14 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Есеп беру кезеңінің соңында жек тұлғаның 1 өтініші және заңды тұлғаның 1 өтініші қарастыруда болды.

Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 29 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.