2018 жылғы 9 айдың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2018 жылғы 9 айдың жеке және заңды тұлғалардан 304 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 295, заңды тұлғадан - 9), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 97 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 47 өтініш және жәрдемақылар бойынша 16 өтініш, жеңілдіктер туралы - 2, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 27, асыраушысынан айрылу жағдайда алынатын жәрдемақы туралы – 1, жақын және алыс шетелден еңбек өтілімін растау туралы анықтамалар сұрату – 4 сауалхат), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 157 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын жоғалтуымен байланысты 105 сауалхат, мүгедектік мәселелеріне қатысты - 26, пандус бойынша - 19, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу және оның көшірмесін алу мәселесіне қатысты - 3, еңбекке жалпы қабілетінен айрылу анықтамасының дубликатын сұрау туралы – 1, жазатайым оқиға актісінің көшірмесін сұрау  туралы – 2, протездеуге қатысты - 1) және басқа мәселелер туралы - 31.  12 өтініш қайталап түсті.

Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 21 өтініш тиесілігі бойынша Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясы) жолданды.

Заңды  тұлғалардан 9 өтініш түсті, соның барлықтарына жазбаша түрде түсініктемелер берілді.

Департаментке 304 жазбаша өтініштердің және сауалхаттардың 44-і басқа органдармен жолданды, соның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен – 4, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінен – 10, Астана қаласы әкімдіктерінен – 7, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалынан – 1, 5 өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен, 1 өтініш Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан – 7, прокуратура органдарынан – 6 және басқа мемлекеттік органдарынан 3 өтініш  келіп түсті.  

Аталған кезеңде 304 өтініштері ішінен 255 жеке тұлғалардың  өтінішіне және 9 заңды тұлғалардың өтінішіне жазбаша жауаптар берілді. Мүгедектік туралы анықтамаларын және ОЖБ көшірмелерін сұрауға қатысты 47 сауалхаттар бойынша мүгедектікті дәлелдейтін анықтамалар мен ОЖБ көшірмелері берілді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 34 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға жолданды.

Есеп беру кезеңінің соңында 5 жеке тұлғалардың  өтініштері қарастыруда болды.

Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 92 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.