2019 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2019 жылғы 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 118 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 105, заңды тұлғадан - 13), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 42 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 23 өтініш және жәрдемақылар бойынша 7 өтініш, жеңілдіктер туралы - 5, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 1, жақын және алыс шетелден еңбек өтілін растау туралы анықтамалар сұрату – 3 сауалхат, ақшалау қаражаттарды қайтару туралы – 1, жәрдемақыны қайта қарастыру туралы – 1, салық салуға қатысты - 1), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 34 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын және ОЖБ-ны жоғалтуымен байланысты 20 сауалхат, мүгедектік тобымен келіспеу туралы – 3, мүгедектік мәселелеріне қатысты жалпы сұрақтар бойынша - 4, мүгедектік тобын күшейту – 1,жеке көмекшінің қызметтері туралы – 2, гигиеналық құралдар бойынша – 1, медициналық куәландыру актісін сұрау өтініштер – 2, диагнозды түсіндіріп беру туралы – 1), сонымен қатар пандустардың жоғы немесе сәйкес келмеуі туралы 4 өтініш келіп түскен.

Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 21 өтініш тиесілігі бойынша Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясы) жолданды.

Жеке тұлғалардан түскен 8 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды.

Заңды  тұлғалардан 13 өтініш түсті, соның 12 өтініші басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды. 1 өтініш қолдау хат түсуімен байланысты қарастырусыз қалтырылды.

Департаментке 118 жазбаша өтініштердің және сауалхаттардың 14-і басқа органдармен жолданды, соның ішінде Астана қаласы әкімдігі аппаратынан – 2, 2 өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан – 2, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚАҚ-тан – 1, Астана қаласының Прокуратурасынан – 3, Шу көлік прокуратурасынан – 1,   Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінен – 1, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінен – 2 өтініштер келіп түсті.  

Аталған кезеңде 118 өтініштердің ішінен 95 жеке тұлғалардың  өтініштеріне  жазбаша жауаптар берілді.

Есеп беру кезеңінің соңында  жеке тұлғалардың  4 өтініші қарастыруда болды.

Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 34 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.