2019 жылғы 2 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2019 жылғы 2 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 241 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 224, заңды тұлғадан - 17), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 81 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 58 өтініш және жәрдемақылар бойынша 11 өтініш, жеңілдіктер туралы - 5, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 1, жақын және алыс шетелден еңбек өтілін растау туралы анықтамалар сұрату – 3 сауалхат, ақшалау қаражаттарды қайтару туралы – 1, жәрдемақыны қайта қарастыру туралы – 1, салық салуға қатысты - 1), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 84 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын және ОЖБ-ны жоғалтуымен байланысты 50 сауалхат, мүгедектік тобымен келіспеу туралы – 3, мүгедектік мәселелеріне қатысты жалпы сұрақтар бойынша - 14, мүгедектік тобын күшейту – 3, жеке көмекшінің қызметтері туралы – 2, гигиеналық құралдар бойынша – 1, медициналық куәландыру актісін сұрау өтініштер – 2, диагнозды түсіндіріп беру туралы – 1, кәсіби еңбекке қабілетінен айырылу сұрақтарға қатысты – 2, мүгедектерді құқықтармен қамтамасыз ету - 1), сонымен қатар пандустардың жоғы немесе сәйкес келмеуі туралы 12 өтініш келіп түскен.

Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 28 өтініш тиесілігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясы) жолданды.

Жеке тұлғалардан түскен 22 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды.

Заңды  тұлғалардан 17 өтініш түсті, соның ішінен 12 өтініш басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды. 1 өтініш қолдау хат түсуімен байланысты қарастырусыз қалтырылды.

Департаментке 241 жазбаша өтініштердің және сауалхаттардың 39-ы басқа органдармен жолданды, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі аппаратынан – 2, 2 өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан - 3, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ-тан - 3, Нұр-Сұлтан қаласының Прокуратурасынан – 3, Шу көлік прокуратурасынан - 1, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен - 5,   Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінен – 1, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен - 3, ҚР Парламент Мәжілісінен - 1, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының прокуратурасынан – 1, Ақмола облысы Аршалы ауданының  прокуратурасынан – 1, Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан – 1, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінен – 1, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінен – 2 өтініштер келіп түсті.

Аталған кезеңде 224 өтініштердің ішінен жеке тұлғалардың  196 және заңды тұлғалардың 6 өтініштеріне  жазбаша жауаптар берілді.

Есеп беру кезеңінің соңында  жеке тұлғалардың  2 өтініш қарастыруда болды.

Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 84 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.