2019 жылғы 9 айдың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) 2019 жылғы 9 айдың жеке және заңды тұлғалардан 376 жазбаша өтініштер келіп түсті (жеке тұлғадан - 358, заңды тұлғадан - 18), соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша - 93 (зейнетақыларға қатысты сұрақтарды түсіндіру бойынша – 66 өтініш және жәрдемақылар бойынша 11 өтініш, жеңілдіктер туралы - 5, зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы есептеу кезіндегі еңбек өтіліне қатысты – 3, жақын және алыс шетелден еңбек өтілін растау туралы анықтамалар сұрату – 4 сауалхат, ақшалау қаражаттарды қайтару туралы – 1, жәрдемақыны қайта қарастыру туралы – 1, салық салуға қатысты – 1, міндетті зейнетақы жарналар бойынша - 1), медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша – 111 (соның ішінде мүгедектік туралы анықтамасын және ОЖБ-ны жоғалтуымен байланысты 66 сауалхат, мүгедектік тобымен келіспеу туралы – 5, мүгедектік мәселелеріне қатысты жалпы сұрақтар бойынша - 26, мүгедектік тобын күшейту – 3, жеке көмекшінің қызметтері туралы – 2, гигиеналық құралдар бойынша – 1, медициналық куәландыру актісін сұрау өтініштер – 3, диагнозды түсіндіріп беру туралы – 1, кәсіби еңбекке қабілетінен айырылу сұрақтарға қатысты – 2, мүгедектерді құқықтармен қамтамасыз ету – 1, ОЖБ бойынша алынбаған компенсаторлық құралдар туралы - 1), сонымен қатар пандустардың жоғы немесе сәйкес келмеуі туралы 13 өтініш келіп түскен.

Департаменттің құзыретіне кірмейтін жеке және заңды тұлғалардан Еңбек кодексінің талаптарының бұзылуына қатысты түскен 32 өтініш тиесілігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (Мемлекеттік еңбек инспекциясына) жолданды.

Жеке тұлғалардан түскен 26 жазбаша өтініштер басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды.

Заңды  тұлғалардан 18 өтініш түсті, соның ішінен 12 өтініш басқа мемлекеттік органдарға тиесілігі бойынша жолданды.

Қолдау хат түсуімен байланысты 2 өтініш қарастырусыз қалтырылды.

Департаментке 376 жазбаша өтініштердің және сауалхаттардың 46-сы басқа органдармен жолданды, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі аппаратынан – 2, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының кімдігінен -1, «Нұр Отан» партиясынан – 2, 2 өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан - 3, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ-тан - 3, Нұр-Сұлтан қаласының Прокуратурасынан – 3, Шу көлік прокуратурасынан - 1, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен - 5,   Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінен – 2, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен - 3, ҚР Парламент Мәжілісінен - 1, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының прокуратурасынан – 1, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының прокуратурасынан – 1, Ақмола облысы Аршалы ауданының  прокуратурасынан – 1, Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан – 1, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінен – 1, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінен  3 өтініш келіп түсті.

Аталған кезеңде 332 өтініштердің ішінен жеке тұлғалардың  217 және заңды тұлғалардың 7 өтініштеріне  жазбаша жауаптар берілді.

Есеп беру кезеңінің соңында  жеке тұлғалардың  2 өтініш қарастыруда болды.

Жеке қабылдау кезінде Департамент басшылығымен 121 азамат қабылданды. Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді.