«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша азаматтарды қабылдау

2019 жылдың 6 қарашасында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауында «Кедергісіз келешек» жобасының аясында  «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау бірыңғай күні» өтті.  Кездесу сондай–ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы, Денсаулық сақтау Басқармасының өкілдерінің  қатысуымен өтті. Кездесуге жазылған азаматтар, өз сұрақтары бойынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау және жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелері бойынша толық жауаптарын алды.

11.11.2019 - 06:42
Өзгертілді: 11.11.2019 - 08:28
1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейтін болады

Департамент 2019 жылдың 23 қыркүйегінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) мақұлданғанын хабарлайды.

07.11.2019 - 11:38
Өзгертілді: 07.11.2019 - 11:38
     «Мемлекеттік Қорпорация»  КЕАҚ Байқоныр аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде Ашық есіктер күні өтті»

2019 жылдың 1 қарашада әлеуметтік қамсыздандыру саласында халықты ақпараттандыру мақсатында Қ.Сатпаев, 25 көшесінде орналасқан «Мемлекеттік Қорпорация»  КЕАҚ Байқоныр аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде  «Ашық есіктер күні»  өтті.

01.11.2019 - 08:46
Өзгертілді: 01.11.2019 - 08:46

Беттер