Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кредиттерді өтеу бойынша жаднама

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешек өтеуге жатады. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспауға тиіс.

Қазақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «1424» байланыс орталығының бар екендігін хабарлайды, оның негізгі міндеті азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша тегін кеңестер беру және телефон қоңырауларын қабылдау болып табылады.

Қазақ

Мүгедек баланы және бала кезінен 1 топтағы мүгедекті бағып күткен тұлғаларға төленетін жәрдемақының 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап арттырылуы

  2019 жылдың 27 ақпанында өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII Съез отырысында партияның "Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты атты 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Съезде Елбасы Н.Назарбаев мүгедек-баланы және бала кезінен 1 топтағы мүгедек болып танылғандарды бағып күткен тұлғаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 30% -ға арттыру туралы тапсырма берген.

Қазақ