Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кредиттерді өтеу бойынша жаднама

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешек өтеуге жатады. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспауға тиіс. 2019 жылғы 26 маусымға келесі әлеуметтік статустардың бірі бар: - көпбалалы отбасылар, - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, - 18 жастан асқан мүгедек балалары бар отбасылар, - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған балалар қарыздары өтелетіндер болып табылады. 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша азаматтардың тізімі 2 289 038 адамды құрады. Сізде статустың болуын: - egov.kz электрондық үкімет порталында; - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.gov.kz сайтынан; - халыққа қызмет көрсету орталықтарында; - 111 бірыңғай қоңырау шалу нөмірі арқылы тексеруге болады. Егер сіз көрсетілген санаттарға жатсаңыз, бірақ 2 289 038 адамның жалпы тізімінде болмасаныз, 111 бірыңғай қоңырау шалу нөміріне хабарласыңыз және өзіңіз және отбасыңыз туралы мәлімет беріңіз. Содан кейін мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі Сіз туралы мәліметтерді тексереді және мәртебеңіз расталған кезде Сізді 3 жұмыс күні ішінде тізімге енгізеді. Ұлттық Банктің ақпараты бойынша 2019 жылғы 1 маусымда көрсетілген әлеуметтік статусы бар адамдардың тізімінен: - кредиті болмаған; - жалпы берешегі 3 млн. теңгеден асатын; - берешегі коллекторлық ұйымдарға берілген адамдар алып тасталды. Нәтижесінде 506 941 борышкердің тізімі алынды, оларға 630 633 қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылуда. Егер Сіз осы тізімде болмасаңыз, шығару себебін анықтау үшін 111 бірыңғай қоңырау шалу нөміріне хабарласыңыз. Келіспеген жағдайда, қарыз алған банкке немесе микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет. Жарлыққа сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/U190000034U Ережеге сілтеме - http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000520 АНЫҚТАМА : 1) кепілсіз тұтынушылық қарызы – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілген сәттегі кепіл туралы шартсыз банктік қарыз және (немесе) микрокредит; 2) қарыз бойынша жалпы берешек – борышкердің 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша қолданыстағы барлық банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша негізгі борыш пен сыйақыны көрсетуге арналған бухгалтерлік есептің баланстық шоттарында есептелетін негізгі борыш пен есептелген сыйақы түріндегі берешегі; 3) көпбалалы отбасы –құрамында бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар отбасы; 4) атаулы әлеуметтік көмек алушы – «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған адам (отбасы);"; 5) Екінші деңгейлі банк – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға, оның ішінде бұрын банк болып табылған заңды тұлға;; 6) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондайақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Казахский